Түркістан облысының әкімі Португалияның сенімді өкілімен кездесті

0
97

Кездесуде облыстың экономикалық, туристік әлеуеті таныстырылды.


Түркістан облысының әкімі Португалияның сенімді өкілімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Португалияның Қазақстандағы елшілігіндегі сенімді өкілімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан қаласының облыс орталығына айналып, өңірдің Түркістан облысы деп аталғанына 7 жыл толды. Осы қысқа уақытта аймақтың туризм, мәдениет және инвестиция салалары қарқынды дамуда. Тарихи шаһарға шетелдің жауапты өкілдері жиі келіп, келіссөздер жүргізіп жүргізуді дағдыға айналдырған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанға арнайы келген Португалияның Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Жозе Атаиде Амаралмен кездесті. Кездесуде облыстың экономикалық, туристік әлеуеті таныстырылды.


– Өзіңізбен тарихи Түркістан төрінде жолығып отырғаныма қуаныштымын. Облыстың даму қарқыны жақсы. Инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Португалиямен әріптестік орнатып, жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Туризм саласы бойынша да сіздердің тәжірибелеріңізді қарастыруға, Еуропадан келетін туристер санын арттыруға мүдделіміз, – деді Нұралхан Көшеров.


Жозе Атаиде Амарал қонақжай мінез танытқан облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Түркістанға «VOICE OF TURAN - 2025» қазақ әндерінің фестиваліне арнайы келгенін, Португалияда қазақ әндерін шырқап жүрген әнші бар екеніне, қазақ ән өнерінің деңгейі биік деңгейіне тоқталды.


Мәртебелі мейман Түркістан шаһарының көркіне, даму бағытына оң бағасын беріп, туризмі дами түсетініне сенім білдірді. Әріптестік орнатып, іскерлік байланыстарды нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Бөлісу