Түркістан облысының прокуроры тағайындалды

0
2 395

Экс-прокурор Жамбыл облысына ауысты.


Түркістан облысының прокуроры тағайындалды

Мемлекет басшысының келісіміне сәйкес, ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры қызметіне Алиханов Марат Тілеуқабылұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңір активіне Түркістан облысының жаңа прокурорын ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов таныстырды.
Марат Алиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған. 1989 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған. Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.
ҚР Бас прокуратураның Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, ҚР Бас көлік прокуроры болып қызмет атқарған.
24 жылдық қызметінде прокуратура органдарында, басшылық лауазымдарда үлкен тәжірибе жинақтаған.
Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету қызметінде қол жеткізген табыстары мен ерен еңбегі үшін Мемлекет басшысының бұйрығымен ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» толуына орай шығарылған мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Осы күнге дейін Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.
Түркістан облысының экс-прокуроры Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры қызметі тағайындалды.