​Түркістан өңірінде терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

0
91

Мәжіліс соңында мемлекеттік органдармен жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстар мен нәтижелері талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.


​Түркістан өңірінде терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжіліс отырысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.

Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, терроризм мен экстремизм бағытындағы алдын алу шараларын ұйымдастыру барысындағы өзекті мәселелер туралы тиісті мемлекеттік органдар мен қала, аудан басшыларының есебі тыңдалып, оңтайлы шешімдер мен жүйелі іс-шараларды үйлестіру мәселесі көтерілді.

Мәжіліс соңында мемлекеттік органдармен жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстар мен нәтижелері талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу