Бұл облыстағы дзюдоның дамуына жасалған елеулі қадам.
Түркістан дзюдо лигасы (Turkistan Judo League) жарыстары бастама алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы бойынша дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен алғашқы рет жасөспірімдер арасында Түркістан дзюдо лигасы (Turkistan Judo League) жарыстары бастама алды. Бұл облыстағы дзюдоның дамуына жасалған елеулі қадам. Жаттықтырушыларға және барлық дзюдошыларға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жылына 2 чемпионат болады. Қыстық және жаздық чемпионат. Бір маусымда 5 турнир өткізіледі. Спортшылар арасында өзара рейтинг саналады. Маусым соңында әр салмақтағы нәтижелер есептеліп, жеңімпаз анықталады.