ТҮРКІСТАН: Ордабасылық ғасыр жасаған анаға құрмет көрсетілді

0
285

Тыл ардагері шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық ғасыр жасаған анаға құрмет көрсетілді

Ордабасы ауданында ғасыр жасаған анаға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Азат Оралбаев Ордабасы ауданы, Түрткүл ауыл округіне қарасты Қызылжар ауылының тұрғыны 106 жастағы Орынкүл Құрманбекова әженің шаңырағында болды. Абзал анаға гүл шоқтары мен қазақы дәстүр бойынша иығына ақ жаулық жауып, мерейлі мерекемен құттықтады.


Тыл ардагері шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.


Бір ғасырдың куәсі болып отырған Орынкүл әженің 3 қызы және 1 баласынан 12 немере, 21 шөбере, 20 шөпшек тараған.

Бөлісу