ТҮРКІСТАН: Отырарда 11 адам суға батып кетті (видео)

0
1 988

Олардың жалпы саны 20 болған.


ТҮРКІСТАН: Отырарда 11 адам суға батып кетті (видео)

Отырар ауданында 11 адам суға батып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданы аумағында Сырдария өзеніне түскен 11 адам суға батып кетті. Бұл ақпарат төтеншеліктерге 21 тамыз күні сағат 17.40-та түскен.


Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, олар суға түсуге арналмаған жерде шомылған.


Ресми ақпаратқа сәйкес, төтеншеліктер судан 6 мәйітті шығарған. Олардың тұлғасы мен жасы анықталуда. Ал, қалған бес адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.



ТЖД қызметкерлерлінің айтуынша, бұл жерге 4 отбасының 20 мүшесі демалуға келген екен.


"Ақпарат жедел болып саналады және өзгеруі мүмкін. Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс жасауда 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және дрон жұмылдырылды: Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар", - делінген хабарламада.