ТҮРКІСТАН: Отырарда дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр

0
460

18 арнайы маман, 7 техникалық көлік, 2 су қайығы жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: Отырарда дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр

Отырар ауданында масалар мен шіркейлердің көбеюін болдырмау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданы аумағындағы масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюін болдырмау мақсатында дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр.


Дизинфекциялау жұмыстарына «SATTI TULIK» ЖШС-ның 12 арнайы маманы мен 5 техникалық көлігі, сонымен қатар 18 арнайы маман, 7 техникалық көлік, 2 су қайығы жұмылдырылған.


Аудан тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т. б. ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елдімекен, демалыс аумақтарда химиялық инсектицидтер өңдеу әдісін қолдану арқылы тиісті дәрілеу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұдан бөлек, Сырдария өзенін жағалай орналасқан Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне қарасты елдімекендер мен Шәуілдір ауыл округіндегі Арыс өзенінің жағалауларында залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.


Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Мамандардың айтуынша, аталған шаралар олардың санын 90 пайызға дейін жоюға және азайтуға мүмкіндік береді. Бұл орайда, дезинсекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде сақтық шараларын ұстану аса маңызды.