11-26 қазан аралығында келушілерге өз жәдігерлерін ұсынады.
Отырар ауданында тарихи көрме ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Республика күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Отырар ауданында тарихи көрме ашылды.
«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» атты көрме «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында 11-26 қазан аралығында келушілерге өз жәдігерлерін ұсынады.
Көне тарихтан сыр шертетін көрмеде сақ-үйсін мәдениетіне тән үш тағанды қазан, Алтын адамның күміс тостағаны мен алтын жүзігі, қыш ыдыстар мен өзге де Жетісу жауһарлары, Шығыс, Батыс, Орталық Қазақстан аумақтарынан табылған құнды заттар бар.
Тарихи жәдігерлерді танытатын көрме Отырар ауданының орталығында орналасқан Сапар орталығынан 26 қазанға дейін келушілерге қызмет көрсетеді.