ТҮРКІСТАН: "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кездесулер өтті

0
534

Жастар, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет, спорт саласының мамандары қатысқан.


ТҮРКІСТАН:

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру: Рүркістан дәрістері» кездесуі өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» атты кездесу Түркістан облысындағы барлық аудан, қалалар деңгейінде өткізілді. Келелі кездесуге жастар, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет, спорт саласының мамандары қатысқан.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған шарада PhD докторлары, кандидаттар, ғалымдар сөз сөйледі. Атап айтсақ, заңгер, исламтанушы, PhD докторы, доцент - Ермек Бекбосынов, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, философия ғылымдарының докторы – Досай Кенжетай, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры - Сакен Аралбайұлы Мажимбеков, доцент, дінтанушы – Сержан Оразбай секілді азаматтар сөз кезегін алып, келелі кеңестерін, оқыған-тоқығанын жиылған көрерменге айтып берді.

Сонымен қатар, кездесулер аясында зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, жастар саласының өкілдері көпшілікпен өз ойларын бөлісіп, кездесуге қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Жоғары деңгейде өткен шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.