Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері саналатын әжейдің 5 ұлы бар.
Түркістан облысындағы денсаулығына байланысты үйінде отырған ардагерлер мен зейнеткерлердің де дауыс беруіне жағдай жасалуда.Сайлау комиссиясының мүшелері осындай азаматтардың үйіне барып, өз таңдауларын жасауын қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында тұратын 103 жастағы қарт ана Тотыай Төлегенова да бүгін сайлауға бір кісідей дауыс берді. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері саналатын әжейдің 5 ұлы бар. Сондай-ақ, 17 немере мен 54 шөберенің әжесі атанып отыр.
Өз кезегінде үйіне келіп, таңдау жасауға көмек көрсеткен комиссия мүшелеріне зейнеткер алғысын білдіріп, ақ батасын берді.