Биыл 8 300 гектар алқапқа майлы дақыл – мақсары егілді.
Сайрам ауданында мақсары жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл Сайрам ауданында 8 300 гектар алқапқа майлы дақыл – мақсары егілді. Қазіргі таңда егін жинау науқаны қарқынды жүргізіліп, 7 400 гектар алқаптың өнімі жиналды. Бұл жалпы егіс көлемінің 90 пайызын құрайды.
Атап айтқанда, «О.Құрбанов и К» атындағы өндірістік кооперативте 105 гектар алқапқа мақсары егілген. Шаруашылықта егін жинауға қажетті техникалар толық жұмылдырылып, дала жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Егін жинау науқанын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау мақсатында шаруаларға мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен дизель отыны берілуде. Бүгінде аудан шаруалары 431 тонна жеңілдетілген жанармайға өтінім беріп, тиісті көлемін алып отыр.
Ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.


