Аталған ғимараттың құрылысы аудандық бюджеттен қаржыландырылған.
Сайрам ауданында жаңа әкімшілік ғимараты ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, елге қажетті нысандар салу жұмысы жалғасып жатыр. Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков Арыс ауылдық округінде жаңадан салынған ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратының ашылу рәсіміне қатысып, ондағы қызметтік бөлмелерін аралады.
Аталған ғимараттың құрылысы аудандық бюджеттен қаржыландырылған. Сметалық құны 127980,0 мың теңгені құрайды. Құрылысын жүргізген мердігер мекеме — «Аша-А» ЖШС-і, тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Нысан құрылысы 2021 жылы басталып, биыл қабылданған.
Ғимарат салтанатты ашылған соң, аудан әкімі Арыс ауылдық округінің тұрғындарымен мәжіліс залында кездесті.
Келесі жылдың бюджетінен Қарасу және Жібек жолы әкімшіліктерінің тозығы жетуіне байланысты орнына жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілмек.