ТҮРКІСТАН: Сайрамда жаңа спорт кешені ашылады

0
138

Екі қабаттан тұратын спорт кешенінің жалпы ауданы – 3,2 га.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда жаңа спорт кешені ашылады

Сайрам ауданында жаңа спорт кешені ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қарасу ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Аудан әкімі Арман Сәбитов аталған құрылыс нысанында болып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады.


Заманауи үлгідегі ғимаратта спорт және жаттығу залдары, киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлмелер, конференц-зал, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеті, жаттықтырушыларға және әкімшілік құрамға арналған бөлмелер бар. Екі қабаттан тұратын спорт кешенінің жалпы ауданы – 3,2 га.


Құрылыс жұмыстарын биыл сәуір айында аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Қарасу ауылының тұрғындары құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан спорт кешені салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді.

Бөлісу