ТҮРКІСТАН: салықтық түсімдер мен өзіндік кірістерді арттыру мәселесі қаралды

0
120

Өзіндік кірістерді арттыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды.


ТҮРКІСТАН: салықтық түсімдер мен өзіндік кірістерді арттыру мәселесі қаралды

Түркістан облысында 2024 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 4,5 трлн. теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 108%-ды құрады.

Өзіндік кірістердің жалпы өңірлік өнім ішіндегі үлесі 4,9% болды. Өзіндік кірістерді арттыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне өндіріс орындарын ашу, өзіндік кірістерді ұлғайту, түсімді көбейту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Мәжілісте Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек пен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаевтың есебі тыңдалды.
Түркістан облысы бойынша 01.07.2025 жылға жергілікті бюджеттің салықтық түсімдердің бекітілген жоспары – 106 млрд. теңге болса, нақты түскені 121,4 млрд. теңгеге жетті (жоспардың орындалуы 114,6%). Өсу қарқыны – 132,3% немесе 29,6 млрд. теңгеге өскен. Әкімшілендіру жұмыстарының нәтижесінде биылғы 6 ай қорытындысымен салықтық түсімдер бойынша Түркістан облысында өсу қарқыны 132,3%-ды құрап, өңір республика көлемінде 1 орынға шыққан.
Дегенмен салық саласында әлі де өзекті мәселелер бар. Осы проблемалар ашық айтылды. Мәселен, жекеменшік балабақшалар саны мемлекеттік балабақшалардан бірнеше есе көп болса да, салықтары бірдей көлемде болып тұр. Сонымен бірге Төлеби, Сарыағаш аудандарында демалыс орындары көбейгенімен салық түсімі артпаған. Осы және өзге мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Бөлісу