«Sanaly urpaq» жобалық кеңселерінің бірі Жетісай ауданындағы «Сырдария» университетінде, ал екіншісі Сайрам ауданындағы «Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық» колледжінде ашылды.
Бүгін Түркістан облысының екі бірдей жеке меншік білім ордасында «Sanaly urpaq» жобалық кеңселері іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өңірімізде алғашқы рет жобалық кеңсенің жекеменшік білім ордаларында ашылуы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен «Түркістан - Адалдық алаңы» Жобасы аясында болды. Атап айтсақ, кеңсенің бірі Жетісай ауданындағы «Сырдария» университетінде, ал екіншісі Сайрам ауданындағы «Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық» колледжінде ашылды. Жобаның іске асырылу негізі - білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру болып табылады.