«Ауыл аманаты» жобасы аясында жылыжай және цех бағыттарында құжат қабылдау және қаржыландыру жұмыстары басталды.
Бүгінде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде округ аумағындағы 65 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Қазіргі таңда ауылдағы 30 көшеде ұзындығы 29 шақырымды құрайтын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, округке қарасты ішкі көшелер бойына жарықшамдар орнатылған. Алдағы уақытта 10 көшенің электр желілерін жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, ауылда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жылыжай және цех бағыттарында құжат қабылдау және қаржыландыру жұмыстары басталды. Осы орайда, «Дербісек ауыл аманаты 2024» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, кооператив басшысы несие негізінде жылыжай құрылысын бастаған. Бүгінде көкөніс көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр.