ТҮРКІСТАН: Сарыағашта күнбағыс майын өндіретін зауыт салынып жатыр

0
86

Зауыт үш цикл бойынша жұмыс істейді


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта күнбағыс майын өндіретін зауыт салынып жатыр

Сарыағашта күнбағыс майын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округіндегі индустриалды аймақта қуаттылығы тәулігіне 45 тонна күнбағыс майын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс нысанына арнайы барып, зауыттың қазіргі жай-күйімен танысты.


Бүгінде зауыт ғимаратының кірпішін қалау жұмыстары мен инфрақұрылым тарту шаралары жүргізілуде. Зауыт үш цикл бойынша жұмыс істейді деп күтілуде. Мұнда күнбағыс майын өндірумен қатар, құнарлы мал азығын да шығару жоспарланған. Нысанды биылғы жылдың соңына дейін іске қосу көзделген. Жоба «Альбаракад 077» ЖШС инвестициясымен жүзеге асырылуда. Жалпы құны – 800 миллион теңге.


Айта кетсек, бұл жоба аудан экономикасын дамытуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының қатары артпақ.

Бөлісу