Биыл ауданда жалпы 75,7 мың га егістік жерге егін егілді.
Сарыағаштық шаруалар картоп өнімін жинауға кірісіп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл сарыағаштық шаруалар 2,1 мың га жерге ерте пісетін картоп өнімін егіп, қазіргі уақытта өнім жинауға кірісіп кетті. Шаруалар еңбек арқылы азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосып келеді.
Биыл ауданда жалпы 75,7 мың га егістік жерге егін егілді. Оның ішінде 51,1 мың гектары – бұршақты және майлы дақылдар (бидай – 40,5 мың га, жүгері – 1,5 мың га, арпа – 7,9 мың га, күнбағыс –224 га, мақсары – 910 га), 479 гектары бақша, 2,1 мың гектары картоп, 10,6 мың гектары көкөніс болса, 11,5 мың гектарға мал азығы егілді.
Қазіргі таңда ерте пісетін картоп алқаптары ауданға қарасты Қабланбек, Құркелес, Жарты төбе және Тегісшіл ауылдық округтерінде орналасқан.