ТҮРКІСТАН: Сауранда 25 мың түп ағаш отырғызылады

0
175

20 мың данасы қарағаш, 3 мың данасы шаған және 2 мың дана жеміс ағашы.


ТҮРКІСТАН: Сауранда 25 мың түп ағаш отырғызылады

Сауранда 25 мың түп ағаш көшеттері отырғызылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауранда “Таза Қазақстан” республикалық шарасы аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұйымдастыруымен күзгі көгалдандыру жұмыстары басталды.


Биыл күзгі ағаш егу науқанында ауданның климатына сай келетін түрлі 25 мың түп ағаш егу жоспарлануда. Игі шараға Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан Сауран ауданына 25 мың түп ағаш берілді. Оның 20 мың данасы қарағаш, 3 мың данасы шаған және 2 мың дана жеміс ағашы жерсіндірілмек.


Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, жалпы аудан тұрғындары қатысты. 5 бірлік техника, 130-ға жуық адам жұмылдырылды. Сенбілік барысында арықтар қазылып, белгіленген аумаққа арнайы тал егілді. Ауданда күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, жасыл-желекке айналдыру жоспарлануда.


Айта кетейік, аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

Бөлісу