ТҮРКІСТАН: Сауранда балалр орталығы салынып жатыр

0
142

Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сауранда балалр орталығы салынып жатыр

Сауран ауданында психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау керектігін баса айтқан болатын. Осы ретте, Түркістан облысы, Сауран ауданында психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынуда.


Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ораңғай ауылдық округінде бой көтерген жаңа нысанды аралап, мердігерлермен кездесті. Сапалы жұмысты талап еткен облыс әкімінің орынбасары, құрылысты уақытылы аяқтауды тапсырды.


Бейсенбай Дәулетұлы құрылыс алаңында жүргізілген жұмыстарды қадағалады. Ғимарат ашылғанға дейін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп, білікті мамандармен қамтамасыз етуді міндеттеді. Сондай-ақ жылу жүйесінде қатаң бақылауда ұстау керектігін айтты. Жауапты басқармалар, аудан әкімдігі, мердігер және орталық жетекшісіне кемшіліктерді реттеу бойынша тапсырмалар жүктеді. Орталық соңғы үлгідегі әрі заманауи қажет құрылғылармен жабдықталып, азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалады.


Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың шілде айында басталып, осы жылдың көктем айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді тазалау, көгалдандыру, материалдық-техникалық базамен қамту жұмыстары орындалады. Жаңа орталық ғимаратына Төлеби ауданы, Тасарық ауылда орналасқан тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сін орналастыру жоспарлануда.


Жалпы осы орталықтың іске қосылуы мүгедек балалар үшін әлеуметтік қолдау мен оңалту қызметтерін жақсартуға зор ықпал етеді. Бұл жоба – ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға және тұрғындарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.


Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ, 200 орындық «Самғау» оңалту орталығында болып, қызмет алушылармен кездесті. Заманауи оңалту орталығы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған. Оңалту орталығында 25 күн бойы медициналық, психологиялық қызметтен көмектен бастап жалпы 7 түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп келеді. Бір жылда 2400 азаматты қабылдауға қауқарлы. Өткен жылдың желтоқсанында 70-ке жуық адам ем алса, жыл басынан бері 100-ге жуық адам қызмет алып үлгерді. Жалпы, облыста 100 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат тұрады.

Бөлісу