ТҮРКІСТАН: Сауранда көпбалалы аналар марапатталды

0
292

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын табыстады.


ТҮРКІСТАН: Сауранда көпбалалы аналар марапатталды

Сауран ауданында көпбалалы аналар марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында Сауран ауданында көпбалалы аналар марапатталды. Отбасын қолдау орталығында өткен іс-шараға аудан басшысы, мәслихат төрағасы және нәзік жанды қоғамдық ұйымдардың нәзікжанды мүшелері, кәсіпкер азаматшалар мен батыр аналар қатысты.


Мерекелік шара барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров мен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын табыстады.


Сауран аудандық Әжелер алқасының төрайымы Райхан Полатова және Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жуманова құттықтау сөз сөйледі. Олар аналардың қоғамдағы маңызын, отбасы құндылықтарын дәріптеудегі рөлін ерекше атап өтті.


Жиын соңында мәдениет үйінің қызметкерлері орындаған әсем әндер шараға көрік беріп, жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу