ТҮРКІСТАН: Шардарада әлеуметтік сала мамандарына қызметтік үй берілді

0
56

Әлеуметтік сала қызметкерлері тұрғын үймен қамтылды.


ТҮРКІСТАН: Шардарада әлеуметтік сала мамандарына қызметтік үй берілді

Шардарада әлеуметтік сала қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй кілттері табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


25 қазан – Республика күні мерекесіне орай және Шардара ауданының 60 жылдығы аясында Ж.Қолдасов көшесінде орналасқан 6 қызметтік тұрғын үйдің кілттері табысталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысы аясында әлеуметтік сала қызметкерлері тұрғын үймен қамтылды.


Салтанатты шарада аудан әкімі Арман Қарсыбаев сөз сөйлеп, қызметтік пәтер кілттерін табыстады.


Қызметтік пәтер иелерінің бірі – Алматы қаласынан ата-анасымен бірге келген Шолпан Әмірова. Ол – білікті дәрігер. Алматыда білім алып, Шардара аудандық орталық ауруханасының онколог дәрігері болып еңбек етуде.


Сонымен қатар қызметтік пәтерге ие болғандардың бірі – Арыс қаласынан келген Жансұлу Жұмаділла. 2018 жылдан бастап түрлі өңірлерде жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Шардара аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері болып қызмет атқаруда.

Бөлісу