ТҮРКІСТАН: Шардарада республикада баламасы жоқ бірыңғай Ахуалдық орталығы іске қосылды

0
1 523

Шардара аудандық орталық аурухана ғимаратында Түркістан облысыны Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бұйрығымен, емханалық және стационарлық медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы бойынша баламасы жоқ "Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) бойынша Ахуалдық орталығы" ашылды.


ТҮРКІСТАН: Шардарада республикада баламасы жоқ бірыңғай Ахуалдық орталығы іске қосылды

Түркістан облысыны Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бұйрығымен, емханалық және стационарлық медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы бойынша баламасы жоқ "Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) бойынша Ахуалдық орталығы" іске қосылды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның міндеті - медициналық мекемелер мен дәрігерлердің жұмысы туралы ақпаратты қадағалау және өңдеу. Сандық жүйеге 100% қосылған Түркістан облысы бойынша
Ахуалдық орталық Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының базасында ашылған болатын. Бұл жүйе аймақтың денсаулық сақтау саласын бақылау мен басқарудың тиімді құралы болып танылды, яғни, әрбір аудан бойынша медициналық мекемелердің шұғыл әрекет ету шараларын қолдану арқылы онлайн талдау жүргізіледі.

Екі күнге жоспарланған жиын "Даму" қорының Нұр-сұлтан қаласы мен Түркістан облысы бойынша аймақтық өкілдерінің қатысуымен өтуде. Жаңа жүйенің үйрену үшін семинардың алғашқы күні 20 медициналық ұйымдардың 40-тан астам қызметкері қатысты. Жиында облыстық рейтингтің онлайн талдау модулін қосу, сондай-ақ БМСК және стационар қызметтерінің дамуы мониторингі жүргізілді.

Орталықты "Шардара аудандық орталық ауруханасының" бас дәрігері, Түркістан облысы бойынша БМСК ахуалдық орталығының үйлестірушісі – Жанар Оспанова басқарады. Алдағы уақытта дәл осындай орталықтар Түркістан облысына қарасты барлық медициналық мекемелерде ашылатын болады. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек жұмысы аудан орталықтарынан шалғай ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.

"Біз Кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен (КМАЖ) жұмыс істейміз. Бұл жүйе әрбір медициналық мекеме жұмысының барлық аспектілерін қадағалауға мүмкіндік береді. Біз қандай да бір маманға қабылдаудың орташа уақытын, көмек сұрап келгендердің санын, олардың диагноздарын, үйге шақыруларды орындау уақытын, Патронажды және т.б. тұстарын толық көріп отырмыз. Осылайша, біз дәрігерлік қызметтердің сапасын арттыруға ден қоя аламыз. Бұл онлайн режімінде өңіріміздегі барлық медициналық мекемелерде не болып жатқанынан хабардар болуға мүмкіндік береді. Осы арқылы емханалар мен ауруханалардағы жүктемені біліп және медициналық қызметкерлердің жұмысын толық бақылай аламыз",- деді ахуалдық орталықтың үйлестірушісі, Жанар Оспанова.

Айтуынша, бірыңғай ахуалдық орталық арқылы дәріханалардағы дәрі-дәрмек қоры мен басқа да ресурстарды қадағалап отыруға болады.
Басты медициналық ақпараттық жүйенің экраны осылай көрінеді. Негізгі экранда 8 модуль бар: емхана, стационар, зертхана, қаржы, құжаттар, ресурстар, пайдаланушылар, дәріхана және ситуациялық орталық. КӨМЕК медициналық ақпараттық жүйесі бағдарламасымен ЖСЖС (жедел медициналық жәрдем станциясы) интеграция жүргізілді. Бағдарламалық-аппараттық кешен нақты уақыт режимінде Денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы туралы ақпарат береді, сондай-ақ облыс аудандарындағы проблемалық жағдайлар туралы хабарлайды.
Қазақстанда "Даму"ақпараттық технологиялар орталығында кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) әзірленген. Қазір оны Түркістан облысының ауруханалары мен емханалары жұмысында табысты пайдалануда. КМАЖ – да жаңа технологиялар пайдаланылды - олар өңірдің барлық денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде науқастардың электрондық карталары жүргізіліп жатыр. Электрондық режимде рецептер, зертханалық зерттеулердің нәтижелері беріледі, онлайн-консилиумдар мен диагностика өткізіледі. Жүйе емханаларда электрондық кезектерді енгізуге, дәрігерлердің жүктелуіне мониторинг жүргізуге, әрбір науқасқа жұмсалатын шығындарды ашық етуге мүмкіндік берді. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері мен сарапшыларына арналған бағдарламамен қатар, науқас жандарға арналған "DamuMed"арнайы мобильді қосымшасы енгізілді. Оны смартфонға AppStore немесе PlayMarket арқылы жүктеп алуға болады. Қосымша дәрігердің қабылдауына жазылуға, өз талдауларының нәтижелерін қадағалауға, " SOS " батырмасын басу арқылы шұғыл көмек шақыруға мүмкіндік береді.