ТҮРКІСТАН: Шардарада «Жасыл аймақ» апталығы өтіп жатыр

0
163

Аталған шараға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері жұмыла кіріскен.


ТҮРКІСТАН: Шардарада «Жасыл аймақ» апталығы өтіп жатыр

Шардара ауданында «Жасыл аймақ» апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел көлемінде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүгін Шардара ауданында абаттандыру, көгалдандыру шаралары басталды. Атап айтсақ, аудан аумағында тал егу, саябақтар мен көшелерді тазалап, қопсыту, ағаштарды ақтау, скверлерді ретке келтіру, жолдарды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған шараға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері жұмыла кіріскен.


Алдағы уақытта аудан аумағын көгалдандыру мен тазалық шаралары жалғасын табатын болады.