ТҮРКІСТАН: Шардараға жаңа әкім тағайындалды

0
1 935

Жаңа әкімнің кандидатурасы кезектен тыс өткен мәслихатта Түркістан облысының депутаттары тарапынан бірауыздан қолдау тапты.


ТҮРКІСТАН: Шардараға жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Шардара ауданының әкімі қызметіне Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шардара аудандық мәслихатының 9 шілде күні өткен кезектен тыс мәслихатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының Қайрат Жолдыбайұлын Шардара ауданына әкім етіп тағайындау жайлы ұсынысы жергілікті депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы Шардара қаласында дүниеге келген. 2003 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы оқу кезінде АҚШ-тағы Джорджия университетінде «Universiti of Georgia» оқыған. Еңбек жолын 2003 жылы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман болып бастаған. 2005-2008 жылдары Қаржы министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған. 2008 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатында қызмет жасаса, одан кейінгі еңбек жолын Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметімен жалғастырған. Сондай-ақ, 2019 жылдың ақпан айынан бері Ордабасы ауданының әкімі болып еңбек етті.