ТҮРКІСТАН: Шәуілдірдегі зақымданған үйді жөндеу жұмыстары басталады

0
87

Оқиға кезінде ғимаратта 7 адам болған.


ТҮРКІСТАН: Шәуілдірдегі зақымданған үйді жөндеу жұмыстары басталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданындағы зардап шеккен тұрғын үйді аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылына барып, газбен қамту жүйесіндегі жарылыс салдарынан зардап шеккен 12 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Оқиға кезінде ғимаратта 7 адам болған. Барлығына уақытша баспана беріліп, қазіргі таңда олар туыстарының үйлерінде тұрып жатыр.


Өңір басшысы оқиға орнын қарап шығып, тиісті қызметтерге төтенше жағдайдың салдарын жоюды, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жедел ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ тұрғын үй қалпына келтірілгенге дейін тұрғындарды уақытша орналастыру мәселесін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Жарақат алған әйел адам ауруханада ем алып жатыр.


Қазіргі уақытта оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр. Алдағы күндері зақымданған тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Оқиғаның себептері құзырлы органдармен анықталып жатыр.

Бөлісу