ТҮРКІСТАН: Шөкеев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

0
2 330

Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVII конференциясында облыстық партия филиал төрағалығына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің кандидатурасын ұсынылып, бірауыздан сайланды.


ТҮРКІСТАН: Шөкеев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

Өмірзақ Шөкеев – «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVII конференциясының өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев қатысып, күн тәртібіне сәйкес, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың келісімі бойынша, Түркістан облыстық партия филиалының төрағалығына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің кандидатурасын ұсынды.
Делегаттар Өмірзақ Естайұлының кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.
Күн тәртібіне сәйкес «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIIІ Съезінде берген тапсырмалары талқыланып, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.