Тәуліктік өсім 0,26 % құрайды.
Түркістан облысында соңғы тәулікте 4633 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы «жасыл аймақта» тұр. Өңірде 29 қыркүйекте COVID-19 індетінің 37 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,26 % құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 1969 орын бар. Мұнда 388 науқас ем қабылдап жатыр. Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 14 197 жағдайы анықталды. Оның 7335-і симптомсыз өткен.
Айта кетейік, егу науқаны басталғалы 896599 адам вакцина салдыруға ниет білдірген.. Екінші компонентпен 731078 адам қабылдаған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.
Сондай-ақ, бүгінге дейін 1 036 278 ПТР сынамасы алынған.