ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 102 млрд. теңгеден асқан

0
595

10 937 га алқапқа егіс егілген.


ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 102 млрд. теңгеден асқан

Созақ ауданында өңірлік өнім көлемі 102 млрд. теңгеден асқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Созақ ауданында ағымдағы жылдың І-тоқсанында жалпы өңірлік өнім көлемі 102 млрд 660 млн теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8 млрд 797 млн теңгеге көп. Сондай-ақ, биыл аудан экономикасына 8 млрд 857 млн теңге инвестиция тартылған. Бұдан өзге, биылғы жылдың 4 айының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 3 млрд 987,9 млн теңгеге жетіп, 2020 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 556,8 млн теңгеге артқан. Аудан бойынша 2021 жылы 13 200 га егістік жер игеру тапсырмасы берілсе, бүгінгі күнге 10 937 га алқапқа егіс егілген.

Созақ ауданына тартылатын магистральды газ құбырының құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Бүгінгі күні магистральды газ құбыры мен автоматты газ тарату стансасының (АГТС) құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Аудан бойынша 35 елді мекеннің 28 елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 97 пайызы ауыз сумен қамтылған. Ағымдағы жылы ұзындығы 29 шақырымды құрайтын аудан елді мекендерінің 25 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда бұл жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Аудан бойынша 403 шақырымды құрайтын елді мекендердің ішкі көшелерінің 195 шақырымы асфальт болса, жыл қорытындысы бойынша 210 шақырымға жететін болады.