«Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қолдап, демеушілік жасады.
Созақ ауданына қарасты Қыземшек кентінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Қыземшек кентінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Созақ аудан әкімдігі және «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ меморандум нәтижесінде «Street Workout» және балалар ойын алаңды орнатуға қолдау көрсетілді. Бұл спортты ынталандыру жөніндегі бастаманы «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қолдап, демеушілік жасады. Ашылу салтанатына Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов пен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, «Kazatomprom - SaUran» ЖШС Бас директоры Ғылымбек Орынбек арнайы қатысып, жаңа спорттық алаңшасының лентасын салтанатты түрде қиды.
Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында біршама игі істер атқарылып келеді. Бірнеше ауыл округтерінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы салынды. Спорттық нысандар ауыл тұрғындары жиналып, уақытын тиімді өткізетін тамаша орынға айналды. Кәсіпорын басшылығы игі істің жалғасын табатынын айтты.
Айта кетейік, Қыземшек кентінде ашылған «Street Workout» және балалар ойын алаңы 427 шаршы метрді құрайды. Онда түрлі жаттығуға арналған спорттық құрал-жабдықтар және балалар ойнайтын ойыншықтар бар.