21 студенттен құралған топ Үндістан Республикасының азаматтары.
Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студенттің бірінің денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
10 қазан күні сағат 13:15-те үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен қарай 1,5 шақырым жерде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір адамның мәйітін тапты. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Қалған бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарына Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушы, 1 жүзу құралы жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 26 маусымында сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төлеби ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туылған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.
21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.