ТҮРКІСТАН: Сырдарияға батып кеткен 2 жасөспірімнің денесі әлі табылмады

0
435

Оқиғанын мән-жайын Түркістан облысының Полиция департаменті анықтауда.


ТҮРКІСТАН: Сырдарияға батып кеткен 2 жасөспірімнің денесі әлі табылмады

Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Сырдария өзеніне батқан 2 жасөспірімнің денесін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Естеріңізде болса, 21 тамыз күні сағат 17-40-та Түркістан облысы Отырар ауданында, Көксарай ауылынан 3 шақырым жерде, Сырдария өзеніне барып, шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылған 11 адам суға батып кеткен болатын.


Бүгінге дейін ТЖД суға батқан 9 адамның, оның ішінде 3 әйел мен 6 кәмелетке толмаған баланың денесін тауып, судан шығарылды. Ал, қалған 2 кәмелетке толмаған баланың денесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Белгілі болғандай, бұл маңда 20 адамнан тұратын 4 отбасы болған.


Осыған орай, ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп тұр (8725 33 5-78-81). Түркістан облысы ТЖД басшылығы оқиға орнында жағдайды бақылауда ұстап келеді.


Іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 бірлік техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылған. Оқиғанын мән-жайын Түркістан облысының Полиция департаменті анықтауда.