Ұйымдастырылған лагерлерде оқушыларға «3D модельдеу», «Робототехника» мен «Жайдарлы жаз-2019» атты бағдарлама бойынша үйірмелер жұмыс жасайтын болады.
Түркістан облысы, Төлеби ауданында оқушылардың демалысын тиімді пайдалану мақсатында 3676 бала жазғы лагерлерге аттанатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оқу жылы аяқталып, «жаз жайнатып, күн күлдіріп» келетін оқушылардың жазғы демалыс маусымы да басталды. Мектеп оқушылары үшін жазғы демалыстың маңызы ерекше.
Биылғы жылы Төлеби ауданында 3676 бала жазғы лагерлерде демалумен қатар, білім көкжиектерін кеңейтіп, шығармашылыққа бейімделетін болады. Демалыс орындарында аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесі тарапынан 50 бала, мектеп жанындағы лагерде 1980 бала, міндетті оқу қоры есебінен 600 бала демалады.
Жазғы демалыс кезінде аудандық оқушылар үйінде «3D модельдеу», «Робототехника» мен «Жайдарлы жаз-2019» атты бағдарлама бойынша үйірмелер жұмыс жасайды және онда әр ауысымда 60 бала қамтылатын болады.
Демалыс кезінде құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінен кезекшілік құрылып, оқушылардың тәртібіне қадағалау жасалады.