ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында екі медициналық мекеменің ғимараты пайдалануға берілді

0
1 694


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында екі медициналық мекеменің ғимараты пайдалануға берілді

үгін Төлеби ауданында 2 медициналық мекеменің ғимараты халыққа пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бірінші Мамыр ауылдық округінде соғылған емханана осындағы 20 мыңға жуық адамға қызмет ететін болады. Қызмет көрсететін радиусы 11 шақырымды құрайды екен. Тәулігіне 100 адам қабылдап, 15 шақыруға шығуға қауқарлы. Нысанның ашылу салтанатына өңір басшысының өзі қатысқанын да айта кету керек.

«Мен облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қабылдауында болып, біздің емханамыз тозып кеткен. Өйткені, ол Хрущевтың кезінде пәтер есебінде салынған еді. Ал, енді осыған бір жәрдеміңіз тисе дегенімде, бірден құрылыс басқармасына тапсырма берген еді. Сізге көптен-көп рахмет. Халқымыз бүгін өте қуанышты», -дейді ауыл ақсақалы Қапалбай Мырзақұлов.

Ал, Достық ауылдық округіне қарасты 500 ден астам тұрғыны бар Ақайдар-1 елді мекеніндегі құрастырмалы-қаңқалы модульдік конструкция әдісімен салынған медициналық тіректің құны 30 миллион теңгені құрайды. Қызмет көрсету радиусы 1 км. Жалпы алаңы 125 шаршы метр болатын, медициналық құралдармен жабдықталған.

"Егер тендер арқылы медициналық бекеттердің құрылысын жүргізер болсақ, 55-60 миллион болады. Сондықтан бұл екі есеге арзан. 1-2 айдың көлемінде құрастыруға болады. Мұндай құрастырмалы медициналық тіректер негізінен шалғай жатқан ауылдарға салынып жатыр. Осы 2 жылдың ішінде 82 медициналық тірек салдық. Биыл тағы 43 медициналық тірек тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Егерде, тағы 43 салар болсақ, облыс көлемінде медициналық тіректерге сұраныс мәселесін 100 пайыз шешетін боламыз", - дейді Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.