ТҮРКІСТАН: Төлебиде ауқымды сенбілік өтті

0
165

Тазалық шарасына аудан әкімінің орынбасарынан бастап, мемлекеттік қызметкерлер, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсене атсалысты.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде ауқымды сенбілік өтті

Төлеби ауданында 1700 адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы аумағында «Тазалық – біздің қолымызда» атты экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.


Тазалық шарасына аудан әкімінің орынбасарынан бастап, мемлекеттік қызметкерлер, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсене атсалысты.


Сенбілік барысында тазаланған аумақтар:

1. Қасқасу – Сайрамсу өзені бойы

2. Біркөлік демалыс аймағы

3. Ақмешіт демалыс аймағы

4. Тұрбаза демалыс аймағы


Аталған аумақтарда қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстар жиналып, табиғи аумақтар абаттандырылды. Демалушыларға табиғатты таза ұстау, қоқысты өзімен бірге алып кету қажеттігі ескертіліп, қоршаған ортаны ластау — заңмен жазаланатыны түсіндірілді.


Сенбілікке 1700 адам қатысып, 15 техниканың көмегімен 52 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.


Жыл басынан бері өткізілген тазалық шараларына 498 мекеме, 59 867 адам қатысты. Сенбіліктерге 178 техника жұмылдырылып, 501 км облыстық, 757 км аудандық жол бойы тазартылды. 152 км ирригациялық арықтар, 98 км өзен-каналдар тазаланып, 1029 қураған ағаш бұталды. Сондай-ақ, 17 саябақ, 15 аллея, 19 спорт алаңшасына тазалық жұмыстары өткізіліп, 995 тонна күл-қоқыс шығарылды.


Бұл бастама — табиғи аумақтарды таза ұстауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған. Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы! Баршаңызды экологиялық мәдениетті сақтауға, туған өлкені таза ұстауға шақырамыз.

Бөлісу