Төлеби ауданында «Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ-ның бірлесе ұйымдастыруымен жиын өтті. Іс-шара Тәжік – Ауған шекарасынан Қазақстан бітімгершілік әскерінің шығарылғанына 24 жыл толуына арналады. 8 ақпан - қазақ әскерлері тәжік-ауған шекарасынан шығарылған күн. Осыған орай, бүгін Төлеби аудандық мәдениет үйінде тәжік-ауған шекарасында қаза болған әскерлердің рухына тағзым етілді.
Шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар мен арнайы төсбелгі табыстады. Іс-шара Аққұм ауылдық округіндегі Қ.Тыныбеков жалпы орта мектебінде жалғасып, жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық біріншілік өтті. Спорттық сайысқа Түркістан облысы аумағының 4 ауданынан 8 команда жиналып, 150-ге жуық жасөспірім өзара бақ сынады.
Спорттық сайыс қорытындысымен жеңімпаз атанғандар арнайы сыйлық, медальдармен марапатталды. Марқұм болған сарбаздардың рухына құран бағышталып, ас берілді