Демалушыларға экологиялық мәдениетті сақтау, қоқысты тастамау және табиғатты аялау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 400 қап тегін таратылды.
Төлебидегі демалыс аймағында өткен сенбілікте 37 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданында Түркістан облысы әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды экологиялық сенбілік өтті. Аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаевтың жетекшілігімен мемлекеттік қызметкерлер, мекеме өкілдері мен еріктілер табиғатты тазалауға жұмылдырылды. Сенбілік Қасқасу аумағы, Сайрамсу өзені бойы, Біркөлік, Ақмешіт, Тұрбаза демалыс аймақтарында ұйымдастырылды. Демалушыларға экологиялық мәдениетті сақтау, қоқысты тастамау және табиғатты аялау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 400 қап тегін таратылды. Тазалық шарасына 1900 адам қатысып, 15 техника көмегімен 37 тонна қоқыс шығарылды.
Жалпы, жыл басынан тазалық шараларына 501 мекемеден 59 867 адам қатысты. Сенбілікке 178 техника жұмылдырылып, 501 шақырым облыстық, 757 шақырым аудандық жол, 152 шақырым ирригациялық арықтар, 98 шақырым өзен-каналдар тазаланды. Қураған ағаштар бұталып, 17 саябақ, 15 аллея, 19 спорт алаңында қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы 995 тонна қоқыс шығарылды.
Бұл бастамалар табиғи аумақтарды таза ұстауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға бағытталған.