ТҮРКІСТАН: Төлебиде жаңа көпір пайдалануға берілді

0
72

Құрылысы 2018 жылы басталған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде жаңа көпір пайдалануға берілді

Төлеби ауданында жаңа көпір ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданына қарасты Ханарық елді мекенінде стратегиялық маңызы бар жаңа көпір ел игілігіне берілді. Құрылысы 2018 жылы басталғанымен, мердігер мекеменің салғыртығынан құрылысы ұзаққа созылған нысанның ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ермек Сұлтанқұлов арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады. Сонымен қатар аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарға жүрекжарды лебізін білдіріп, көпірдің маңыздылығына тоқталды.


–Ханарық елді мекеніндегі көптен күткен, көпір құрылысын аяқтап, ел игілігіне тапсыру үшін жиналып отырмыз. «Бұл көпір – тек өткел емес, сенім көпірі, бірлік пен татулықтың символы. Нысан ауылдың ғана емес, бүкіл өңірдің дамуына оң әсер етеді деп сенеміз, – деген аудан басшысы игі іске атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.


Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға ұзындығы 42 метр, ені 10 метр көпірдің құрылысын мердігер мекеме «АВС Group KZ» ЖШС жүргізді. Көпір Ханарық елді мекеніндегі 250 тұрғын үй мен 2 мыңға жуық азаматқа арналған.

Бөлісу