«Таза жағалау» акциясы негізінде аудандағы су қорғау аймақтары, өзен жағалаулары, жол жиектері күл-қоқыстан тазартылды.
Түркістан облысы аумағында тұрақты түрде тазалық шаралары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысы аумағында тұрақты түрде тазалық шаралары ұйымдастырылуда.
Төлеби ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аудан аумағын абаттандыру мақсатында сенбілік өтті.
Тазалық жұмыстарынп мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Таза жағалау» акциясы негізінде аудандағы су қорғау аймақтары, өзен жағалаулары, жол жиектері күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшалары, ішкі көшелер, саябақтар мен аллеялар тазаланып, қоқыстар арнайы орынға жеткізілді.
Осы күні «Варшава келісім шарт ұйымы» өкілдері мен Ленгір қаласы әкімі аппараты, Ленгір тазалық мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен облыстық, аудандық маңызы бар жол жиектеріне ағаш көшеттері егілді.
Сондай-ақ сенбілік барысында қураған талдар кесіліп, арықтар қоқыстан тазартылды. Жол бойындағы ағаштардың түптері әктеліп, жол жиектері ретке келтірілді.
Тазалық шарасына 350 адам, 15 техника жұмылдырылып, 23 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, аудан бойынша қоршаған ортаның тазалығын сақтамаған азаматтарға КР «Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы»Кодексінің 505 бабы бойынша 81 хаттама, яғни 723 мың теңге, 434-2 бап бойынша 92 хаттама, 535,8 мың теңге айыппұл салынды. Оның 435 мың теңгесі өндірілді.