ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 30 мың түптен астам ағаш егілді

0
127

Демеушілер есебінен 3 мыңға жуық сәнді ағаш егілді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 30 мың түптен астам ағаш егілді

Түлкібаста 30 мыңнан астам ағаш көшеті егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданын көгалдандыру мақсатында Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан көктемгі көшет егу науқанына 29 540 көшет берілді. Соның, бүгінге дейін 27 мыңы 15 ауылдық округтерге бөлініп егілген болатын. Бұдан бөлек, демеушілер есебінен 3 мыңға жуық сәнді ағаш егілді.


Ал қалған көшеттерді егу жұмыстары жалғасуда. Атап айтсақ, аудан орталығындағы Құлан ауылының жолындағы қоқыс полигонының алдына егілді.


Аталған игі шараға аудан әкімі Асқар Естібаев арнайы қатысып, көшет егу жұмыстарына атсалысты. Мұнда қараағаш, катальпа, үйіңкі ағаштары отырғызылды.


– Аталған ағаш көшеттері толық өніп, өскен кезде облыстық маңызы бар КХ-70 күре жолының қауіпті аймағын қардан жабылуына тосқауыл болып қана қоймай, қатты желді күндері полигондағы қоқыстың айналаға ұшуына қалқан болады, – дейді жауапты мамандар.


Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Елді мекендер ішін көгалдандыру мақсатында демеушілер есебінен шырша, арша және тағы басқа сәнді ағаштар егілмек.

Бөлісу