Тағы бір мектептің құрылысы келесі жылы аяқталады.
Түлкібас ауданында екі мектепке қосымша ғимарат салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт және мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев аудан аумағындағы іске асып жатқан құрылыс нысандарын аралап, сапасын бақылады. Бірінші кезекте аудан басшысы аудан орталығында бастау алған 300 орындық Майлыкент мектебінің құрылыс алаңында болды.
Заманауи типтік мектептің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында бастау алған. Іргетасын дайындау мақсатында жер қазу жұмыстары жүзеге асуда. Нысан келесі жылға өтпелі.
Сондай-ақ, аудан әкімі Абай ауылындағы Алтынсарин мектебінде болып, бұл жердегі 150 орындық қосымша ғимараттың құрылыс жұмыстарын бақылады. Өткен жылдан өтпелі болып іске асып жатқан нысан құрылысы биылғы жаңа оқу жылына аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Нысанды толық аралап шыққан аудан әкімі құрылыс жұмыстар сапасын сынға алып, жауапты мердігерге кемшілік тұстарын ретке келтіруді жүктеді.