Мұнда 2000 бастан астам ірі қара мен жылқы бордақылануда.
Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдар саны 76-ға жетіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданында мал бордақылау кәсібін дамытып, өз-өздерін жұмыспен қамтығандар қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде ауданда үй іргелік шағын қораларды айтпағанда ірі қара және жылқыны бордақылаумен айналысатын 76 шаруашылық бар. Мұнда 2000 бастан астам ірі қара мен жылқы бордақылануда.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен бұл бағытта зәкірлік жобаларды іске асыру жұмыстары жүйелендіріліп келеді. Атап айтқанда, Шұқырбұлақ ауылының маңындағы «Адал» шаруа қожалығы жаз айларында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 800,0 млн тенге несие алуға құжаттар өткізуде, несие алған жағдайда1000 бас ІҚМ бордақылауға қойылмақ.
Бүгінгі кейіпкеріміз жеке кәсіпкер Өміралиев Шералы жайында болмақ. Кәсіпкер осыдан 5-6 жыл бұрын өз қаржысына 10-15 бас жылқы алып, мал бордақылау кәсібін бастаған болатын. Міне, бүгінгі таңда кәсібінің-нәсібін көріп отыр десек артық айтқанымыз болмас. Бордақы басын жыл санап арттыруда. Яғни, 70 бас ет бағытындағы «Ақ бас» ірі қараны, 250 бас «Қазақы қой» және 30 бас жылқы бордақылап, етінің әр келісін 1900-2000 теңгеден ауданның сауда қатарларына өткізуде. Мал бордақылауда отбасық кәсіпке айландырып, үлкен жанұясының барлық мүшелерін жұмыспен қамтып отыр.