ТҮРКІСТАН: Түлкібастық түлектер мектепке 45 домбыра тарту етті

0
1 013

«Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы биыл да жалғасын тапты.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық түлектер мектепке 45 домбыра тарту етті

Түлкібастық мектептегі домбыра үйірмесі 45 дана жаңа ұлттық аспаппен толықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы биыл да жалғасын тапты. Дәстүрге айналған шара Ұрбұлақ мектебінде жоғары деңгейде аталып өтті. Тағылымды акция асында мектептегі домбыра үйірмесі 45 дана жаңа ұлттық аспаппен толықты.

Жоба аталған білім ұясын 30 және 50 жыл бұрын бітірген түлектер демеушілігімен жүзеге асырылып отыр. Бүгінде бірі ел анасы, енді бірі әулет ақсақалы атанған жандар оқушылардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскеуіне тілекші. Сондықтан, ұлттық кодты дәріптеудің маңызы айрықша.

Мектеп жанынан құрылған домбыра, ән, би үйірмелерінің тәлімгерлері келген қонақтарға концерттік бағдарламасын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жиын соңында Ұрбұлақ мектебінің директоры «Балалар жылына» арналған игі шараны эстафета ретінде Тұрар Рысқұлов мектебіне жолдады.