Оқушылардың өнері мен шығармашылығына тәнті болып, жас жеткіншектердің дамуына мүмкіндік беріп отырған ұжымға сәттілік тіледі.
Түркістан облысына іссапармен келген Абдулла Гүл «Түркістан Оқушылар сарайында» болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысына іссапармен келген Түркия Республикасының 11-ші Президенті Абдулла Гүл бүгін «Түркістан Оқушылар сарайында» болды. Бірнеше күн бойы өңірдегі маңызды нысандарды аралаған ол алдымен оқушылардың жаңажылдық мерекеге арнаған өнерін тамашалады.
Сондай-ақ, "Оқушылар сарайының" директоры Индира Икапова “Зергерлік өнер”, “Киім моделін жобалау” сынды түрлі бағыттағы үйірмелермен және ”Юнисет” білім беру ХАБ-ымен таныстырды. Өз кезегінде Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл оқушылардың өнері мен шығармашылығына тәнті болып, жас жеткіншектердің дамуына мүмкіндік беріп отырған ұжымға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бүгінде "Оқушылар сарайындағы" алпыстан астам үйірмеде 1600-ге жуық оқушы шеберліктерін шыңдап, түрлі республикалық, халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып келеді.