ТҮРКІСТАН: Заңсыз жолаушылар тасмалына қарсы рейд ұйымдастырылды

0
1 320

Түркістан облысының 3 ауданында заңсыз жолаушы тасмалдайтындарға қарсы рейдтік шара ұйымдастырылып, заңды бұзған 12 жүргізушіге хаттама толтырылған.


ТҮРКІСТАН: Заңсыз жолаушылар тасмалына қарсы рейд ұйымдастырылды

Түркістан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен құзырлы органдар бірлесе заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында рейдтік шара өткізді – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, ПД Жергілікті полициясы мен Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы атсалысқан шара Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал аудандарында өткен.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, қоғамдық көліктерге қатысты 12 хаттама түзіліпті.

Бекітілген жұмысшы топ тарапынан жергілікті әкімдікке жеңіл такси көліктеріне арнайы тұрақ ұйымдастырып, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік иелерінің хабарламаларын тіркеп, қысқа мерзім ішінде барлық жолаушылар көлігімен айналысатын көліктердің жұмысын заңдастыру тапсырмасы берілген.

Басқарма басшысы Бекзат Тілегеновтің басшылығымен алдағы уақытта аудан, қала әкімдіктерінде заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатындағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады екен.

дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі