ТҮРКІСТАН: Жетісай марафонына мыңға жуық тұрғын қатысты

0
357

Жетісай қаласының 55 жылдығы аясында өткізілді.


ТҮРКІСТАН: Жетісай марафонына мыңға жуық тұрғын қатысты

«Jetisai marathon – 2024» марафонына мыңға жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай қаласының 55 жылдығы аясында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жетісай қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Jetisai Marathon – 2024» марафонына мыңға жуық тұрғын қатысты.


«Жеңіс» алаңынан бастау алған марафон қатысушылары М.Әуезов, Қ.А.Яссауи, Амангелді, Қожанов көшелерін жүгіріп өтіп, мәреге қайта оралды.


Жас ерекшелігіне қарай 18-30, 31-45, 45 және одан да жоғары жастағы аудан және қала тұрғындары қатысқан марафонда аудан әкімі Серік Мамытов сөз сөйлеп, көпшілікті қаланың 55 жылдығымен құттықтады. Қатысушыларға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.


Марафон соңында 3,5 шақырым қашықтықты бағындырып, бірінші болып мәре сызығын кескен жеңімпаздар мен белсенді қатысқандар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдары мен медальдарына, бағалы сыйлықтарына ие болды.

Бөлісу