Көлік қозғалысына кедергі келтіретін ағаштарды бұтау жұмыстары жүргізілді.
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Жасыл аула» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің арнайы бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Жасыл аула» акциясы өтті.
Акция барысында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, тұрғындар айналаны тазалау, ағаштардың түбін әктеу және ауданда жасыл белдеу қалыптастыру мақсатында 5,5 мың түп түрлі ағаштардың көшеттері егілді. Көлік қозғалысына кедергі келтіретін ағаштарды бұтау жұмыстары жүргізілді.
Көктемгі көшет егу науқанына ұлағатты ұстаздар мен ауданының жастары және белсенділер қатысты.
Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындары жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, шынар, қарағаш, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттер отырғызылған болатын.