ТҮРКІСТАН: Жетісайда автокөлік тонайтын ұры ұсталды

0
1 599

Оның 20 автокөлік ұрлығына қатысы бар екендігі және жәбірленушілерді миллион теңгеден астан шығынға батырғаны анықталды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда автокөлік тонайтын ұры ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында полицейлер автокөлік ұрлығының 20 жайтына қатысы бар күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреулердің ағымдағы жылдың ақпан айында «Ауди» маркалы автокөлігінен 10 мың теңге тұратын автокөлік магнитофонын ұрлап кеткендігі жайлы арызданды. Аталмыш жайт, ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша Жетісай АПБ-нің СДТБТ-не тіркеуге алынды.
Қылмысты ашу мақсатында криминалды полиция мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері арасынан жедел-тергеу тобы құрылып, жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде Жетісай АПБ-нің полицейлері бұрын сотты болған жұмыссыз жүрген, жергілікті тұрғынды құрықтады.
Қазіргі таңда полицейлердің тергеу жүргізуі нәтижесінде күдіктілердің Жетісай ауданындағы автокөліктерді ұрлаудың 20 жайтына қатысты екені анықталды.
Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы миллион теңгеден асады. Күдікті қамауда. ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлығының алдын алу мақсатында тұрғындарға ұрлықтан сақтану үшін көліктерін бейнекамералар мен жарықтанған автотұрақтарға қою керектігін, ал автокөліктеріге қажетті құжаттарды, үй кілтін, бағалы заттарды қысқа уақытқа болса да тастап кетуге болмайтынын ескертеді.