ТҮРКІСТАН: Жетісайда кәсіпке бет бұрушылар көбейіп жатыр

0
671

Алғашқы 4 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд 547 млн 905 мың теңгені құраған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда кәсіпке бет бұрушылар көбейіп жатыр

Жетісайлық шаруалар бір жерден 3 өнім алуды меңгеруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан маңызды бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Маңызды бағдарламалардың нәтижесінде алғашқы 4 айда Жетісай ауданындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд 547 млн 905 мың теңгені құраса, өңдеу өнеркәсiбi 1 млрд 267 млн жеткен. Ауданда 15 094 шағын және орта бизнес субъектілерінде 19 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


Жергілікті 25 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған сондай кәсіпкерлердің бірі Ұлықбек Абдраманов. Жылына 450 мың пар аяқ киім шығаруға қауқарлы «Ұлықбек» аяқ киім цехының бірінші кезеңі 2018 жылы, екінші кезеңі 2020 жылы іске қосылған. Құрал-жабдықтарды Түрік және Қытай елдерінен алдырған. Жобалық құны 200 млн теңге болатын цехты іске қосу үшін жеке қаржысынан 150 млн теңге инвестиция салған кәсіпкер 50 млн теңгені мемлекеттен несиеге алған. Бүгінде сапасы шет елдік аяқ киімдерден кем түспейтін өнім жергілікті базарларда тиімді бағада сатылуда.


«Облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 4 айда 10 адам 51,6 млн теңге, «Ырыс» несиелік серіктестігімен 162 шаруа қожалығы 382,9 млн теңге бөлінсе, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1 жоба 600 млн теңгеге қаржыландырылған. Бүгінде ІІ деңгейдегі банктер арқылы «Бизнестің Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 55 млн теңгені құрайтын 11 жобаның құжаттары рәсімделіп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін ауданға 12,6 млрд тенге инвестиция тарту жоспарланған болса, 4 айда бұл көрсеткіш 1,4 млрд тенгені құрап отыр» дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев.


Сонымен қатар, Жетісай қаласынан, Қазыбек би және Атамекен ауылдық округтерінен 36 гектар жер резервке алынып, «Ет-сүт фермасын», «Құс фабрикасы» мен «Крахмал және лимон қышқылын өндіру зауыты» жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.