Департаменттің бөлім басшылары баяндамалар жасады.
Жетісайдағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жылдық жоспарға сәйкес көшпелі алқа отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданында Нұрбек Садықбекұлының төрағалығымен Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жылдық жоспарға сәйкес көшпелі алқа отырысы өтті.
Жиынға департаменттің бөлім басшылары, бас мамандары, Жетісай және Мақтаарал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма қызметкерлері қатысты. Алқа отырысында басқарманың атқарған жұмыстарының нәтижесі бойынша Департаменттің бөлім басшылары баяндамалар жасады.
Департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы орын алған кемшіліктер бойынша Жетісай аудандық СЭББ басшысына және қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта аталған кемшіліктерді болдырмауды қатаң ескертті.
Сонымен қатар, департамент басшысы өңірдегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылап, санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды одан әрі күшейту мақсатында, инфекциялық, паразиттік аурулардың алдын алу, балалар және білім беру нысандарының санитариялық-гигиеналық жағдайын бақылауда жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды.